Accessibility links

Шетте жүрген қазақ азаматтарын сайтымыздың Қазақтар-Әлемде айдарына атсалысуға шақырамыз.


Қымбатты оқырман!

Сіздің алдыңызда Азаттық радиосының жаңарған сайты.

Сайттың өзге де тақырыптармен қатар әлемнің әр түкпірінде тіршілік етіп жатқан қазақтарға арналған "Қазақтар - Әлемде" айдары бар. Осы айдарды көркейтіп мазмұнын толтыра түсу үшін төрткүл дүниені мекендейтін қазақ азаматтарын атсалысуға шақырамыз.

Өз өңіріңіздегі, сіз мекендеп отырған елдегі тілшіміз боламын десеңіз нұр үстіне нұр. Қаржылық жағы да өзара келісім бойынша қарастырылады.

Өз жаңалықтарыңыз, қол жеткізген жетістіктеріңіз, мәдени шаралар турасында жазыңыздар, суретке түсіріңіздер, бейнетаспаға түсіріп жолдаңыздар. Оның бәрі бірден жарияланады, сөйтіп сіздің жаңалықпен бүкіл сайт оқырманы танысады.

Егер ынта білдіріп, ықылас танытып жатсаңыз azattyq@rferl.org -қа хабарласыңыз.
XS
SM
MD
LG