Accessibility links

Назарбаев пен Кәрімов Душанбеде кездесті


Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін тамыздың 27 күні Тәжікстан астанасына келген Қазақстан президенті Н.Назарбаев сонда Өзбекстан президенті И.Кәрімовпен кездесті, деп хабарланды Қазақстан президентінің ресми сайтында. Алайда, қос президенттің нақты қандай мәселелерді талқылағаны айтылмады.

Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен өтетін Душанбедегі саммитте қауіпсіздік саясаты мен халықаралық терроризмге қарсы күресу, сауда-экономикалық мәселелерін талқылау жоспарланған. Сондай-ақ жиынға Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Иран, Моңғолия және бірқатар елдердің делегациялары қатысады. Саммит 28-29 тамыз күндері өтеді.
XS
SM
MD
LG