Accessibility links

Кореялық банк Қазақстанның қаржы нарығына енді


Тамыздың 27 күні Оңтүстік Кореяның «Kookmin» банкі Қазақстанның «БанкЦентрКредит» (БЦТ) акционерлік қоғамы капиталының 23 пайыздық үлесін 59,9 млрд теңге (500 млн АҚШ доллары) төлеп сатып алғаны туралы ақпарат Қазақстанның қор биржасынан мәлім болды. Биылғы жыл соңына дейін шетелдік банк БЦК-тің тағы 7 пайызын сатып алмақ. Ал келешекте «Kookmin» БЦК-тің 50,1 пайызына иелік етуді көздеп отыр. Шетелдік банктің БЦК-ке жұмсайтын инвестициясының жалпы көлемі 1,27 млрд. доллар шамасында болмақ.
Қазіргі таңда Kookmin банктің 1204 бөлімшесі 26 млн-нан астам тұлғаға қызмет көрсетеді. Былтырғы жылдың соңындағы дерек бойынша банктің жиынтық активі 233 млрд АҚШ долларын құраған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG