Accessibility links

М.Ешімханов: Айтарымызды толық айта алмаймыз...


Мэлс Ешімханов, Бішкек, сәуір, 2006 жыл

Мэлс Ешімханов, Бішкек, сәуір, 2006 жыл

Президент Құрманбек Бәкиевтің уәде бергеніне қарамастан, Қырғызстанда не себепті әлі күнге тәуелсіз басылымдар жоқтың қасы? Осы және басқа да сауалдарға Қырғыз ұлттық телерадио компаниясының төрағасы Мэлс Ешімханов жауап берген еді.

Қырғызстанның КТР компаниясы соңғы жылдары бірқатар даулы пікрілердің нысанасына айналып келеді.
2006 жылы қараша айында Гостелерадионы жаңа Конституцияға қатысты шеруге шыққандар қоршауға алып, елдегі басты ақпарат құралы әртүрлі пікірлерді, оның ішінде оппозицияның пікірлерін эфирге тартқан болатын.
Шерушілер КТР-ді үкімет ықпалынан шығарып, тәуелсіз бағыттағы ақпарат құралы қатарына қосқысы келген еді.

Осыдан соң15 адамнан тұратын КТР-дің Бақылау кеңесін құру туралы ортақ уағдаластық жасалды. Оның бесеуі- үкіметтен, бесеуі- оппозициядан, тағы бесеуі-үкіметтік емес ұйымдардан жасақталады деген шешім қабылданып, барлық саяси және әлеуметтік топтардың эфирге берілетін әңгіме, хабарларының мазмұны осы кеңестің сүзгісінен өткізілетін болып шешілген-ді.
Президент Құрманбек Бәкиев те барлық БАҚ-ы, оның қатарында КТР да, бар тәуелсіз болады деп уәде берген-ді.

Содан бері КТР басшылығында бірқатар өзгерістер орын алды. Ұлттық телерадио жетекшісі таңдалды, бірақ елде тәуелсіз медиа құрылымдары әлі күнге жоқ десе болғандай.
Мэлс Ешімханов - Қырғызстандағы ардагер оппозициялық тұлға, ол оппозициялық газеттердің негізін қалаушы, КТР-да өзгерістер жасалсын деген шақыруларға үн қосушылардың да бірі болған.
Бұл күнде КТР-дың төрағасы қызметін атқаратын Мэлс жақында Азаттық радиосының Прагадағы штаб пәтерінде арнайы болған еді, сол сапарында ол КТР-дың алдында тұрған міндеттер мен кедергілер төңірегінде ой бөліскен-ді.
Гостелерадио сөз бостандығының үні болуы тиіс деген ол, 2006 жылы шеруге шыққандар да осыны қалаған болатын дейді.
Сөйтіп Қырғызстан Орталық Азия аймағындағы баспасөзі еркін тыныстай бастаған ел деген келбет қалыптастырғандай еді, бірақ Ешімхановтың айтуынша, бұл бағыт соншалықты дами қоймаған.
-Біз сөз бостандығының қарқынын сәл жоғалтып алдық, бұны мерзімді басылымдардан, электронды БАҚ-нан байқаймын, бірақ бұны мен тағы да заңдылық деп есептеймін, өйткені ел қазір өзгерістер елегінен өтуде.

БАҚ-ң мониторингын жүргізетін Халықаралық ұйымдардың атап көрсетуінше, 2005 жылғы парламент сайлауы тұсында кеңінен өріс алған шерулер президент Асқар Ақаевты тағынан тайдырды. Оның орнына келген Бәкиев болса, Қырғызстан сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы кезеңіне аяқ басады деп уәде етті. Бірақ Қызғалдақ төңкерісінен кейін баспасөздің басым көпшілігі Бәкиевтің бағытына қарай бұрылды.
Міне соның салдарынан медиа реформасы үкіметтік басты міндеттер тізімінде соңғы орындарға жылжыды, дегенмен де оның да келер күні алыс емес деп үміттенеді Ешімханов:
-Президент Бәкиевтің маңайында түрлі күштер топтасқан. Бірақ та саяси сәттерді есепке алмайтын болсақ, біраз нәрселерді түзетуге мүмкіндік бар, жақын күндері КТР-дағы өзгерістер турасында Жарлықты күтіп отырмыз.

Мэлс Ешімханов ол өзгерістердің егжей-тегжейіне нақты тоқталмағанымен, КТР басшылығындағы Бақылау кеңесі турасында өз ойын былай білдірді:
-Мен өзім де ол заңды жазған едім, шынында басшыны президент емес, Бақылау кеңесі тағайындасын деп ойлағам, біз содан Бақылау кеңесінің мүшелерін сайлауға келгенімізде, кәсіби біліктіліктен гөрі, жершілдік, руластық сияқты мәселелер жан-жаққа тартып кетті. Қазір енді мен Гостелерадионың ішінде қоян-қолтық араласа жүріп, оның басшысын президент өзі тағайындауға мәжбүр деген ұйғарымға келдім. Өйткені Гостелерадио жетекшілігін бекіту өз бетімен кетсе, ол бей-берекеттікке жеткізеді деп деп есептеймін.
Осы қызметке тағайындаған кезде президент Бәкиевтің өзіне не айтқаны турасында Ешімханов былай дейді:

-Ол маған әзіл - шыны аралас, Мэлс, мені сынаған жақсы, мені орнынан кетсін деп те талап етуге болады, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Сен жарайсың, бұл бағытта өзіңе біраз саяси ұпай жинадың, бірақ енді сен өз қолыңмен маған көмектес, мен үшін емес, қоғам, ел үшін деді.

Ешімханов саяси өткір мәселелер турасында ақпар беру, хабар тарату тұрғысында әлі де шектеулердің бар екендігін жасырмайды.
-Өкінішке қарай, өткір деген саяси тақырыптарды жазуда бізде пробеламалар баршылық...
Сол себептен де Ешімханов өзінің бұл қызметтен бірнеше рет бас тартып, кетпекші болғанын да айтады:
-Мен екі рет қатарынан қызметтен босату туралы арыз жаздым. Әкімшіліктің, баспасөз-хатшыларының, нұсқаушылардың басқаруымен жұмыс істей алмаймын деген уәжді алға тарттым. Менің таңданысыма орай президент әлі шыдап, әрі қарай жұмыс істеуіме мүмкіндік беруде.
Ал бірақ әлі де болса айтқымыз келген көкейіміздегі сөзді елге жеткізе алмай отырмыз
,- деген еді әңгімесінің соңында Қырғызстан ұлттық КТР компаниясының төрағасы Мэлс Ешімханов.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG