Accessibility links

Грузия кластерлік бомбаны қолданды ма?


Human Rights Watch ұйымының айтуынша, Оңтүстік Осетиядағы жанжал барысында Грузия кластерлік бомбаны пайдаланғанын мойындаған. Бұл жөнінде Грузияның Қорғаныс министрлігі аталған ұйымға ресми хат жолдаған.
Human Rights Watch өткен айдағы қақтығыста Ресейдің де кластерлік бомбаны қолданғандығына бізде дәлел бар дейді. Бірақ Ресей мұны жоққа шығарып отыр. Кластерлік бомбаға тыйым салатын халықаралық конвенцияны мамыр айында 111 ел мақұлдаған болатын. Бірақ оған Ресей мен Грузия қосылмаған-тұғын.
XS
SM
MD
LG