Accessibility links

Ресей, Түркия сыртқы істер министрлері кездесті


Сергей Лавров түркиялық әріптесі Әли Бабаканмен бүгінгі кездесуінде екі ел арасындағы сауда байланыстарын талқылады. Әңгіме Грузия дағдарысы және Ресейдің импортқа жаңа бақылау орнату сауалдары бойынша өрбіген болатын. Мәскеудің бұл жаңа бақылау заңы АҚШ-тың әскери екі кемесінің Грузияға көмек жүктерін жеткізулеріне Түркияның мүмкіндік бергені үшін, ресми Анкараға Кремлдің жасап отырған қысымы деді Түркия тарапы. Ресей мұндай айыптауды жоққа шығаруда. Бүгінгі кездесуден кейін сөйлеген сөзінде Бабакан мырза аталған проблема шешімін табатын болар деген сенімін білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG