Accessibility links

Баучер Қазақстан басшылығымен кездесті


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 2 күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша көмекшісі Ричард Баучерді оның өтініші бойынша қабылдап, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарланды Президенттің ресми сайтында.

Сол күні Баучер Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен де кездесті. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан қысқаша хабарламада, кездесуде екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, энергетика, инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөніндегі бірқатар мәселелерді талқыланғаны ғана жазылған.
Ал, алдын ала жоспар бойынша, АҚШ ресми өкілі кездесуден соң баспасөз өкілдері үшін Астанада бермекші болған баспасөз мәслихаты өтпей қалды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG