Accessibility links

Жүк вагонында шыққан өрт пойызды тоқтатты


«Шымкент-Алматы» және «Көкшетау-Қызылорда» бағыттары бойынша кетіп бара жатқан жолаушы пойыздары сейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы аумағында 4 сағатқа тоқтауға мәжбүр болды. Оған жүк вагонының төбесіне желімен байланыстыратын электр сымының үзіліп түсуінен шыққан өрт себеп болған, деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.
Жүк вагонында химиялық қоспалардан жасалған әртүрлі тұрмыстық заттар болған. Түтіндей бастаған вагонды өртке қарсы қызмет өкілдері дереу оқшау жерге апарып қойып, қауіптің бетін қайтарған. Өрттен адамдар зардап шекпеген.
XS
SM
MD
LG