Accessibility links

Кремль грузин президентін “саяси өлік” деп санайды


Грузияның ресми өкілдері Ресей президентінің Михаил Саакашвилиді “саяси өлік” деп атауына қарсы.
Грузия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Ломая Дмитрий Медведевтің Саакашвили туралы сөзін “өте өкінішті” әрі “орынсыз” деп атады.
Кеше Ресейдің барлық телеарнасынан берілген сұхбатында Медведев грузин президентін “саяси өлік” деп сипаттаған болатын.
Ресей президенті, сонымен қатар, АҚШ-ты Грузиямен қарым-қатынасын қайта қарауға шақырды. Өйткені Д.Медведевтің сөзі бойынша, Грузияның режимі “банкротқа ұшырады”.
А.Ломаяның пікірінше, “Д.Медведев не айтып отырғанын байқамайды”.
XS
SM
MD
LG