Accessibility links

Чейни бұрынғы советтік елдерге барады


АҚШ вице-президенті Дик Чейни постсоветтік республикаларға сапарының бағдарламасы бойынша бүгін Бакуге аялдады.
Әзірбайжан президенті Илһам Әлиевпен және басқа да ресми тұлғалармен өткізетін келіссөзінде Д.Чейни халықаралық проблемалар мен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Бакуден кейін вице-президент Тбилисиде грузин президенті Михаил Саакашвилимен кездеседі. Осыған дейін Д.Чейни Ресейді Грузиядағы іс-қимылы үшін ащы сынаған болатын.
Д.Чейни сапарының соңында Киевте Украина басшылығымен келіссөз өткізеді.
XS
SM
MD
LG