Accessibility links

Республикалық партияның таңдауы - МакКэйн


АҚШ президенті сенатор Джон МакКэйн елдің жаңа президенті болуға лайық деп мәлімдеп, Республикалық партияны соған дауыс беруге шақырды.
Америка жағалауына “Густав” дауылының жақындауы салдарынан Республикалық партияның Сент-Полдағы сьезіне бара алмаған Джордж Буштың бұл үндеуі делегаттарға бейнетаспадан көрсетілді.
Дж.Буш МакКэйнді АҚШ-тың мүддесін қорғай алатын тұлға деп атады.
4 қыркүйекте Республикалық партия сенатор МакКэйнді президент сайлауына үміткері ретінде ресми түрде ұсынуға тиіс.
Қарашада өтетін АҚШ президенттік сайлауында демократ Барак Обама оған қарсы дауысқа түседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG