Accessibility links

Пәкістан премьер-министріне қастандық жасалды


Бүгін Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гиланидің өміріне қастандық жасау әрекеті болды.
Үкіметтің өкілі хабарлағандай, Исламабад пен көрші Равалпинди қаласын қосатын жолмен келе жатқан автокөлікке 2 оқ тиген кезде, автокөлікте Геланидің болған-болмағаны әзірше белгісіз.
Бұл қастандық Пәкістандағы сенбіге тағайындалған президент сайлауына санаулы күн қалғанда іске асырылды.
Юсуф Гелани – билік басындағы Пәкістан халық партиясының көрнекті өкілі, ал партия жетекшісі Асиф Әли Зардари – президент сайлауында дауысқа түседі.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG