Accessibility links

Украина президенті парламентті таратуы мүмкін


Украина парламентіндегі “батысшыл” коалицияның ыдырауына байланысты бүгін президент Виктор Ющенко парламентті таратуға дейін баратынын ескертті.
Ющенко телеарнадан берілген сөзінде егер 30 күннің ішінде жаңа коалиция жасақталмаса, өз құзырымен парламентті тарататынын және жаңа парламент сайлауын тағайындайтынын мәлімдеді.
Одан бір күн бұрын парламенттегі “мәскеушіл” оппозиция мен премьер-министр Юлия Тимошенко блогінің бастамасымен президенттің билік құзырын әлсірететін бірқатар заң қабылданды.
В.Ющенконы қолдайтын “Наша Украина” партиясының фракциясы бүгін Тимошенконың блогімен бірлесіп құрған коалициядан шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG