Accessibility links

Еуропарламент Ресейді де, Грузияны да сынады


Бүгін Еуропа парламенті Ресейді Грузиядан өз әскерін мейлінше тез шығаруды талап етті.
Еуропарламенттің қаулысында тамыз айында қол жеткен бейбіт бітімде Ресейдің өзіне осындай міндеттеме алғаны айтылады.
Оған қоса Еуропарламенттің депутаттары Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы Ресей әскерінің қатарын қысқарту қажеттігін атап өтті.
Депутаттар Ресей-Грузия қақтығысының барысында адам құқының бұзылуын және Мәскеу мен Тбилисидің кассеталық бомбаны қолданғандарын сынға алды.
XS
SM
MD
LG