Accessibility links

Грузияға қару-жарақ берілмейді


Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының Кеңесі Грузияға қару-жарақ сатуға тыйым салу туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы 3-қыркүйекте Ереванда өткен Кеңес отырысынан кейін журналистерге Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
«Бірқатар елдер Грузия мен Саакашвилиді қару-жарақпен қамтамасыз еткені және елдің әскери бюджеті 30 еседен астам ұлғайғаны бізге мәлім», - деген Патрушев.
Оның айтуынша, Кеңеске қатысушылар сондай-ақ, Қара теңіз арқылы гуманитарлық жүк жеткізіп жүрген АҚШ пен НАТО әскери кемелеріне байланысты алаңдаушылық білдірген.
Қазақстан - Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына мүше ел.
XS
SM
MD
LG