Accessibility links

Энергетикалық форум ашылды


Бүгін Астанада ІІІ Еуразиялық энергетикалық форум жұмысы басталды. Жиынға Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов, Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Мехмет Хилми Гүлер және өзге ресми өкілдер қатысып отыр.
Екі күнге жалғасатын форум жұмысы барысында ғаламдық энергетикалық проблемалар мен Қазақстанның мұнай-газ және энергетика салаларындағы стратегиясы талқыланады.
XS
SM
MD
LG