Accessibility links

Жер қойнауына қатысты жаңа заңдар әзірленеді


Қазақстан жер қойнауын пайдалану және мемлекеттің бұл саладағы рөлін айқындайтын жаңа заңдар дайындап қабылдайды, деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан ІІІ Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.
«Біз ең алдымен халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сәйкес келетін келісім-шарттардың сенімділігін қамтамасыз ететін заң нормаларын жақсартамыз», - деді Премьер-Министр.
Мәсімовтің айтуынша, үкімет өндіруші салалардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі бастаманы қолдай отырып, энергия қорларының экспорты мен өндіруші салалардағы қаржы ағымдары мен кірістердің ашықтығын күшейтуге бағытталған саясатты жалғастыратын болады.
Үкімет осы аптада Парламенттің қарауына жолдаған салық туралы жаңа заңның жобасындағы жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық мөлшерін айқындауға энергетикалық қауымдастық өкілдері де қатысқанын айтты К.Мәсімов.
XS
SM
MD
LG