Accessibility links

Түркия басшысы Арменияға тарихи сапар жасамақшы


Абдулла Гүл Арменияға сапар жасайтын алғашқы Түркия президенті болмақ. Ол сенбі күні Ереванға футболдан 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын тамашалау үшін бармақшы деп хабарланып отыр. А.Гүлді Армения президенті Серж Саркисян шақырған болатын. Түркия президентінің сапары Осман империясы кезіндегі армяндардың қырылуына байланысты екі ел арасында бір ғасырдай уақытқа созылған дұшпандықты тоқтату жолындағы маңызды қадам деп бағалануда.
XS
SM
MD
LG