Accessibility links

Назарбаев Мәскеуге аттанды


Ол бүгін Ресей астанасында басталатын Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы (ҰҚКҰ) Кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлады Қазақстанның ресми ақпарат құралдары. Кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Оның жұмысына ҰҚКҰ-на мүше елдер – Армения, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның президенттері қатысады. Жиында өзге мәселелермен бірге Кавказдағы саяси жағдай талқыланады.
Президент бастаған Қазақстан делегациясының құрамында Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Қорғаныс министрі Даниал Ахметов, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаев, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов бар.
XS
SM
MD
LG