Accessibility links

Пәкістанда сайлау қорытындысы тойлануда


Сенбі күнгі президенттік сайлауда барлық 702 дауыстың 481-і Азиф Әли Зардариге берілген

Дауыс беру қорытындысы жарияланғаннан кейін Зардари бұрынғы премьер-министр, қастандық құрбаны болған әйелі Беназир Бхуттоның құрметіне өз үкіметінің елде толыққанды демократия орнату үшін күресетіндгін айтты.

Жаңа сайланған президент алдағы аптаның басында ант қабылдайды деп хабарланып отыр

АҚШ пен Британия терроризмге қарсы күрсете Зардаримен бірлесе қимылдаймыз деді.

Иран президенті Махмұд Ахмединежад Пәкістан мен Иран байланыстары кеңея түседі деген үмітін білдірді.

Зардари өткен айда импичмент жариялану қысымынан өз еркімен отставкаға кеткен Первез Мүшаррафтан кейінгі президент болып сайланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG