Accessibility links

БҰҰ соты Ресей - Грузия жанжалын қарауда


Халықаралық Әділет соты Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияда этникалық грузиндердің құқықтарын бұзды деген Грузияның айыптауларына байланысты үшкүндік тыңдауларын бастады.
Грузияның айтуынша, тамыздың 7-де Ресей Оңтүстік Осетия аймағына кіру арқылы халықаралық заңды бұзған. Сонымен қатар Грузия Ресей бұл аймақта геноцид жасады деп отыр.

Ал Ресей бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарып, біз Грузияның Оңтүстік Осетия аймағына қарапайым халықты қорғау үшін кірдік дейді. Ресейдің атап көрсетуінше, Тбилиси бұл жікшіл аймақта өзінің бақылауын қайта орнатпақ болып, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Мәскеу Грузияның екі жікшіл аймағын тәуелсіз мемлекеттер деп мойындады.
XS
SM
MD
LG