Accessibility links

Ауғанстанда 8 адам опат болды


Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған бомба жарылыстарынан Голландия мен Канада әскері, сондай-ақ, 6 ауған азаматы қаза тапты.
НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштерінің бұл екі сарбазы жексенбіде Қандағар мен Урузган өлкелерінде, ал ауған азаматтары Забул өлкесінде құрбан болған. НАТО ресмилерінің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың алғашқы 8 айында жол үстіндегі бомба шабуылдары 50 пайызға көбейген.
XS
SM
MD
LG