Accessibility links

Саркози Медведевпен Грузия мәселесін талқылады


Франция президенті Николя Саркози Ресейді Грузиядан күштерін шығару жөніндегі уәдесін орындауға шақырды.

Дүйсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында Саркози ЕуроОдақ елдері ортақ ұстанымға бірікті деп мәлімдеді. Саркози жетекшілігіндегі делегация сондай-ақ Грузияға тез арада ЕуроОдақтың бірнеше жүз бақылаушысын орналастыру қажеттігін айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігінің айтуынша, Мәскеу ЕуроОдақтың тәуелсіз бақылаушы миссиясының Грузияда орналастырылуына қарсы.

Саркози мен ЕуроОдақ ресмилері Ресейден кейін Грузияға барады.
XS
SM
MD
LG