Accessibility links

АҚШ Грузия қарулы күштерін нығайтуға көмектеседі


Грузияға қару сатуға халықаралық эмбарго жариялау туралы Ресейдің ұсынысына Америка қарсы шықты.
АҚШ-тың Ұлттар Ұйымындағы өкілі Бен Чанг БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей ұсынған осындай Қарардың жобасын "Мәскеудің өз әскерін Грузия жерінен шығару туралы міндеттемесін орындаудан жұрт назарын басқа жаққа бұруды көздеген талпыныс" деп атады.
Пентагон Грузияға оның қарулы күштерін қалпына келтіруге деген мұқтаждығын анықтайтын арнайы миссиясын жіберетінін мәлімдеді.
Ал Ресей оның алдында ғана Абхазиямен және Оңтүстік Осетиямен дипломатиялық қатынас орнатып, 2 республикаға 7,5 мыңдық күштерін орналастыратынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG