Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ әскері 4 мыңға көбейеді


АҚШ президенті Джордж Буш жариялаған жоспарға сәйкес, келесі жылдың басында Ауғанстанға АҚШ-тың қосымша 4 мыңнан астам әскері орналасады.
Кеше Вашингтонда сөйлеген сөзінде Дж.Буш қосымша әскер Талибанға қарсы шайқасқан АҚШ пен НАТО күштерін қолдау үшін қажет болып отырғанын мәлімдеді.
Қазір Ауғанстанда Американың 30 мыңнан асатын әскері бар.
Өз сөзінде Буш, сонымен қатар, ауған-пәкістан шекарасында содырларға қарсы шайқаста Пәкістанға да жәрдем беру керектігін атап көрсетті.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG