Accessibility links

Лавров Польшада жүр


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Варшавада Польшаның басшыларымен келіссөздер өткізіп жатыр. Еуропа Одағына мүше елдер Грузиямен соғысқан Ресейді қатты сынаған болатын. Осыдан кейін Лавров ЕуроОдақ еліне алғашқы рет сапар жасап отыр. Лавров пен Польша жетекшілері АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесінің бір бөлігін Польша мен Чехияда орналастыру жоспары мен тағы басқа мәселелерді талқылауға тиіс. Сәрсенбі күні Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымырандық әскерінің қолбасшысы генерал Николай Соловцов Ресей құрлықаралық баллистикалық зымырандарымен АҚШ-тың осы елдердегі зымыраннан қорғаныс жүйесін нысанаға ала алады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG