Accessibility links

Оңтүстік Осетия басшысы өз сөзінен бас тартты


Оңтүстік Осетияның жетекшісі Грузияның бұл жікшіл аймағы Ресейге қосылуға ниет білдіріп отыр деген мәлімдемесінен бас тартты. Эдуард Кокойты басында Оңтүстік Осетия Ресей құрамындағы Солтүстік Осетияға қосылуға ниеттеніп отыр деп айтқан болатын. Алайда ол бүгін "Сочидегі форумда айтқан сөздерімді дұрыс түсінбеді, Оңтүстік Осетия өз тәуелсіздігінен бас тартпайды" деп мәлімдеді.

Ресей Грузияның екі жікшіл аймағы – Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекеттер ретінде мойындаған болатын. Ал бұл екі арада, Абхазияның сепаратистік жетекшісі Сергей Багапш Ресейдің әскери базаларын Абхазияда орналастыру жөніндегі келісім жасалады деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG