Accessibility links

Тасмағамбетов: Алданған үлескерлердің дауы шешіледі


Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаладағы құрылысы аяқталмай қалған тұрғын үйлер проблемасы 2009 жылдың ортасына дейін шешіледі деп мәлімдеді бейсенбі күні Үкімет отырысында. Әкім аяқталмай қалған құрылыс нысандарын өз меншіктеріне беруді сұраған алданған үлескерлердің 14 ұжымдық талап-арызының қазіргі уақытта қалалық сотта қаралып жатқанын хабарлады.

Сот олардың өтінішін қанағаттандырып шешім шығарса, аталған құрылыстардың меншік иелері құрған тұрғын-үй кооперативтерімен келісімге отырып, құрылыс-құрастыру жұмыстары басталады деді әкім.

Тасмағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта қала әкімшілігі 6279 үлескердің қаржысына құрылысы басталып, бітпей қалған 45 нысандағы 6140 пәтерді сатып алу туралы құрылысты салушылармен келісім-шартқа отырған. Бұл мақсатқа бюджеттен 40,6 млрд теңге жұмсалыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG