Accessibility links

Полицейлер Ақтөбені үйсіз қаңғыбастардан арылтып жатыр


Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтары басшыларының V халықаралық форумы қарсаңында жергілікті полицейлер тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды Ақтөбе қаласынан мәжбүрлеп шығаруға кіріскені туралы бейсенбі күні журналистерге қалалық ішкі істер басқармасының бастығы полковник Есен Есмаханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы кезге дейін полицейлер Ақтөбеде жүрген 250 қаңғыбасты ұстап, оларды келген жағына қайтарған. Ал қаланың өзінде тіркелген үйсіз-күйсіз кезбелер Ақтөбедегі осындай санаттағы жандарды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылған.

Қыркүйектің 21-22-сі аралығында Ақтөбеде өткелі отырған еларалық форум жұмысына Қазақстан мен Ресейдің Президенттері қатысады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG