Accessibility links

Азаттықтың бас редакторына Алтынбек Сәрсенбайұлы сыйлығы берілді


Бүгін Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың журналистика және саяси публицистика саласындағы таңдаулы жұмыстар үшін тағайындаған бәйгенің биылғы иегерлеріне сыйлық тапсыру рәсімі өтті.

Қазақ тіліндегі номинация бойынша сыйлық Азаттық радиосы Қазақ қызметінің бас редакторы Амангелді Кеңшілікұлына табыс етілді. Орыс тіліндегі шығармалар бәйгесінде «Время» газетінің тілшісі Геннадий Бендицкий осы сыйлықтың иегері атанды. Жеңімпаздардың әрқайсысына құрмет дипломдары және 5000 евро жүлде табыс етілді.

XS
SM
MD
LG