Accessibility links

Мәскеу Грузиядан әскерін шығарды, бірақ...


Бүгін Ресей әскері Грузияның Қара теңіз жағалауындағы Поти портын тастап шықты.
Рейтер және Франс Пресс баспасөз агенттіктері орыс жауынгерлері мен соғыс техникасы қаланың іргесіндегі шебінен кеткенін растады.
Ресей әскерін қыркүйектің ортасына қарай грузин жерінен шығару – Ресей мен Франция президенттері Дмитрий Медведев пен Николя Саркозидің орыс-грузин жанжалын үйлестіру жөніндегі келісімінің бір тарауы болатын.
Алайда ресми Мәскеу Абхазия мен Оңтүстік Осетияда 7,5 мыңдық әскерін ұстайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG