Accessibility links

ҚазМұнайГаз-дың еншілесі инвестор іздейді


Қазақстанның “ҚазМұнайГаз” Барлау. Өндіру” Акционерлік қоғамы бірінші жартыжылдықтағы қаржылық нәтижесін 16 қыркүйекте жариялайды. Ол туралы ұлттық компанияның баспасөз-қызметі хабарлады.
Инвесторлар мен сарапшыларға арналған шақыру - конференциясы да сол күні Астана уақыты бойынша кешкі сағат 18-де, Лондон уақыты бойынша күндізгі сағат 13-те өтеді.
Баспасөз-қызметінің хабарлауынша, шақыру - конференцияға қатысуға қажетті мәліметтер мен тұсаукесер рәсімінің қосымша материалдары “ҚазМұнайГаз” Барлау. Өндіру” компаниясының интернет-сайтына орналастырылады (www.kmgep.kz).
XS
SM
MD
LG