Accessibility links

Католик шіркеуінің басшысы Франция сапарында


Рим Папасы 16-Бенедикт – католик шіркеуінің басшысы ретінде тұңғыш рет Францияға барды. Понтификті Париж әуежайында Франция президенті Николя Саркозидің өзі қарсы алды.
4 күндік сапарының барысында 16-Бенедикт діннің қоғамдағы рөлі туралы маңызды дәріс беріп, Парижде ашық аспан астында дұға оқиды.
Содан кейін Рим Папасы Францияның оңтүстігіндегі Лурд қаласына аттанады.
Аңызға сәйкес, 150 жыл бұрын осы қалада бір шаруаның қызына әулие Мария келген көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG