Accessibility links

Нью-Делиде кемінде 18 адам қаза тапты


Үндістан астанасында болған бірнеше жарылыста 18 адам опат болып, ондаған кісі жарақат алған.
Бүгін Делидің әр аймағында, адамдар көп жиналған сауда орталықтары жанында, әр мезгілде жеті бірдей жарылыс жүзеге асырылды.

Полиция мен баспасөздің хабарлауынша, жарылыстар жауапкершілігі исламдық Үндістан мужаһеддині тобына жүктелген.
Аталған топ Үндістанның басқа да жерлерінде биыл орын алған жарылыстарды жасағандықтарын айтқан.
XS
SM
MD
LG