Accessibility links

Түркменстан: есірткі тобына қарсы операция кезінде атыс болды


Билік Түркменстан астанасында сенбі күні түнде болған қантөгіс атыстары есірткі тасымалымен айналысатын топтарға қарсы полиция жүргізген қауіпсіздік шаралары барысында орын алды деп мәлімдеген. Ресмилердің мәлімдемесінде оқиғаның қай жерде болғаны және жараланғандар мен ұсталған есірткі тасымалдаушылар туралы ешқандай деректер келтірілмеген.

Азаттық радиосының түркмен редакциясы расталмаған, бірақ атыстардың белгісіз исламдық топ пен қауіпсіздік күштері арасында орын алғаны және екі жақтан да қаза тапқандар болғандығы жөнінде хабар таратты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG