Accessibility links

«Еуразия» кинофестивалінің үздіктері анықталды


Астанада өткен V «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» повесі бойынша қазақстандық режиссер Ардақ Әмірқұлов түсірген толықметражды көркем фильм иеленді. Ал қысқаметражды фильмдер байқауында үздік деп танылған қазақстандық режиссер Талғат Бектұровтың «113-ші!» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, биылдан бастап Астанаға қоныс аударған фестиваль келесі жылы «Еуразия жүрегі» деген ұранмен өтпек. Байқауға Азиямен бірге Еуропа мен Американың да кинолары қатысады деп мәлімдеді министр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG