Accessibility links

Қорғаныс министрлігі баспана бойынша сын айтқандарға жауап берді


Қазақстанның Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың шешімі бойынша 2008-2011 жылдарды қамтитын тұрғын-үй бағдарламасы бекітілді деп хабарлады бүгін Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткізген Қорғаныс вице-министрі генерал-лейтенант Болат Жанасаев. Оның айтуынша, үкіметтің қарауына ұсынылып отырған жобада арнайы тұрғын үй қорын құрып, үш жылдың ішінде 1500 пәтер салу арқылы 2011 жылға дейін баспанаға мұқтаж әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Тамыздың 26-сы күні запастағы бір топ әскери қызметкер ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған үндеуде Отанға талай жыл еңбек еткен көптеген офицерлердің бүгінгі таңда үйсіз-күйсіз қаңғырып жүргенін айтып, Қорғаныс министрін сынға алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG