Accessibility links

Пәкістанда ондаған бүлікшінің көзі жойылды


Пәкістанның қауіпсіздік күштері ауған шекарасына жақын жердегі тайпалық аймақта Әл-қаидаға қатысы бар 30-дан астам исламшыл бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады.
Соңғы апталарда Бажаурдағы содырларға бағытталған әскери шарада шамамен 700 адам қаза тапты, олардың көбі бүлікшілер деп хабарланды. Пәкістанның тайпалық аймақтарында зорлық-зомбылық әрекеттері жиі болып тұрады.
2001 жылы АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері Ауғанстанды басып алған соң жүздеген Талибан содырлары осы аймақтарға қашып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG