Accessibility links

Зимбабведе билікті бөлісу келісімі жасалды


Зимбабве президенті Роберт Мугабе мен оппозиция жетекшілері билікті бөлісу жөніндегі келісімге қол қойды. Оңтүстік Африка президенті Табо Мбекидің мәлімдеуінше, жаңа үкіметте Мугабе президент, ал оппозиция лидері Морган Цвангирай премьер-министр болмақ. Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары лауазымын кішірек оппозициялық топтың басшысы Артур Мутамбара иеленеді дейді Мбеки.
Бұл бітімге қол жеткізуге бағытталған үш айға созылған келіссөздерде Мбеки арағайын болған еді.
XS
SM
MD
LG