Accessibility links

МАГАТЭ: Иранға қатысты тергеу тығырыққа тірелді


Атом энергиясы бойынша халықаралық ұйымның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты тергеуі тығырыққа тірелді. Бүгін жарияланған соңғы баяндамада Иран МАГАТЭ агенттігімен ынтымақтаспады делінген. Бұған қоса, Иран уран байыту жұмыстарын біртіндеп кеңейтті деп хабарланып отыр. Халықаралық ұйымның мәліметінше, Иранның уран байытатын 3820 центрифугасы бар.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Ал Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG