Accessibility links

Ядролық энергетика жөніндегі жаңа мекеме құру талқыланды


Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне ядролық энергетика саласында жаңадан өкілетті мекеме құру мәселесін пысықтауды тапсырды. Әйткенмен ол мекеменің дәл қай кезде қажет болатындығын алдын-ала нақтылап алу керектігін ескертті Премьер-министр.

Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ондай мекеме Қазақстанда алғашқы атом стансасы пайда болғанда қажет болмақ.

Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) талабына сәйкес, әлемдегі атом стансалары бар елдерде оларға бақылау жасайтын арнайы өкілетті орган болуы тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG