Accessibility links

НАТО Бас хатшысы Ресейді айыптады


НАТО Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Тбилисиге сапары кезінде Ресейдің Грузияға жасаған шабуылын айыптады. Схеффердің бұл сапары өткен айдағы осы шабуылға байланысты НАТО-ның Грузияны қолдайтынын көрсетіп отыр. Ресей елі ол қақтығыс кезінде Грузияның жікшіл аймақты өзіне қайта қаратып алуын болдырмас үшін Оңтүстік Осетияға әскерін жіберген болатын.

Президент Михаил Саакашвили Бас хатшымен кездесуі кезінде Грузияны НАТО-ға мүшелікке қабылдауды тездетуге шақырған еді. Алайда Схеффер мырза Тбилисиге НАТО-ның желтоқсан саммитінде Мүшелікке әзірлік жоспарының ұсынылар, ұсынылмасы жөнінде ешнәрсе айта қойған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG