Accessibility links

НАТО-Грузия комиссиясы құрылды


НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Тбилисиге сапары кезінде Ресейдің қарсылығына қарамастан Одақ одан әрі кеңейе береді деді. Және ешқандай ел әскери әрекетімен бұл үдерісті тоқтата алмайды деді. Схеффер бұл екікүндік сапары кезінде Одақтың қолдауын күшейту және болашақ байланыстарды нығайту мақсатында НАТО мен Грузияның біріккен комиссиясын құрды.
Президент Михаил Саакашвили Бас хатшымен кездесуі кезінде Грузияны НАТО-ға мүшелікке қабылдауды тездетуге шақырған еді. Алайда Схеффер мырза Тбилисиге, НАТО-ның желтоқсан саммитінде, Мүшелікке әзірлік жоспарының ұсынылар, ұсынылмасы жөнінде ешнәрсе айта қойған жоқ.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG