Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО күштерінің қатары өседі


Еуропа Одағы елдерін Ауғанстанға қосымша әскерін жіберуге шақырған үндеуді Франция қолдады. Францияның қорғаныс министрі Эрве Морен мәлімдегендей, Еуропа елдері қорғанысқа бөлінетін ақшасын үнемдегісі келсе, Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрамындағы әскери бөлімдерін кеңейте алады.
Француз министрінің айтуынша, ислам экстремистеріне қарсы күрес қыза түскен кезде, шет елдер Кабулдағы ресми биліктің егемендік жолындағы күресіне көмек беруге тиіс.
Өткен тамызда Ауғанстанда тәліптердің шабуылынан 10 француз жауынгері оққа ұшты. Қазір Ауғанстанда Францияның 2.600 жауынгерлік әскері бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG