Accessibility links

Ауғанстанда тағы 4 жауынгер мерт болды


Бүгін Ауғанстанның шығысында жолға орнатылған бомбаның жарылысынан АҚШ бастаған коалициялық күштердің 4 жауынгері мен 1 ауған азаматы мерт болды.
АҚШ армиясының хабарлауынша, нақты қай елдің жауынгерлері қаза болғаны белгісіз, бірақ Ауғанстанның шығысындағы коалициялық күштердің басым көпшілігі АҚШ әскерінен тұрады.
Биыл Ауғанстанда шамамен 160-тай шетелдік жауынгер қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG