Accessibility links

Йемендегі АҚШ елшілігіне тағы қатер төнді


Бүгін Йемен астанасы – Сана қаласындағы АҚШ елшілігінің маңайында кісі өліміне жеткізген жарылыс пен атыс болды.
АҚШ өкілі бомба қойылған автокөліктің елшілік сыртында жарылғанын хабарлады. Екінші жарылыстың неден шыққаны белгісіз.
Куәгерлер жарылыстармен қарама-қатар күзетшілер мен беймәлім адамдардың өзара атысқанын және кем дегенде 2 кісі, оның ішінде шабуылдағандардың бірі оққа ұшқанын хабарлады. Басқа да бірқатар адамның жараланғаны айтылады. Елшіліктен ешкім жапа шекпеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG