Accessibility links

Кавказдағы қақтығыстан 190 мың адам босып кетті


БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясының өкілдері бүгін Оңтүстік Осетия мен Грузияның қарулы қақтығыстан зардап шеккен аудандарын аралайды.
Ресми мәлімдеме бойынша, сапардың мақсаты – осы аумақтағы адам құқының ахуалына тікелей көз жеткізу.
Ұлттар Ұйымының босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссариаты соғыс қимылдары кезінде 190 мыңнан астам халық
баспаналарынан безіп кетті деп есептейді.
Миссияның өкілдері Мәскеу мен Тбилисиге де барады. Сапар Ресей және Грузия басшылығымен келісілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG