Accessibility links

Кремль Арктиканы ресурстық базасы етпекші


Ресейдің қауіпсіздік кеңесі Арктикадағы 2020 жылға дейінгі мемлекеттік саясаттың негізін бекітті.
Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі мәжілісінде президент Дмитрий Медведев 21 ғасырда Арктика – Ресейдің ресурстық базасына айналуы тиіс деп мәлімдеді.
Елдің алдында тұрған ұзақ мерзімді міндеттердің орындалуы мен елдің ғаламдық нарықтағы бәсекелестік қабілеті – осы аумақтың дамуымен тығыз байланысты болады деп атап көрсетті Ресей президенті.
Сарапшылардың бағалауынша, Солтүстік Мұзды мұхиттың түбінде барланбаған әлемдік мұнай қорының 1/5-і шөгіп жатыр.
Бұл ресурстардан Ресей, АҚШ, Исландия, Канада, Норвегия және Дания сынды кемінде 6 елдің дәмесі бар.
XS
SM
MD
LG