Accessibility links

АҚШ визасы курьер қызметі арқылы беріледі


АҚШ-тың Астанадағы елшілігі мен Алматыдағы консулдық қызметі қыркүйектің 17-сінен бастап сол елге оқуға, іссапарға, екі жақты алмасым бағдарламасы бойынша және туристік саяхатпен баратындар үшін визаны DHL Express курьерлік қызметінің көмегі арқылы таратуға көшкені туралы ақпарат таратты. АҚШ-қа баруға тілек білдірген азаматтардың төлқұжатына елшілік визасы қойылғаннан кейін курьерлік қызмет оны виза алушының мекен-жайына жеткізіп беретін болады. Бұған дейін азаматтарға алдымен елшілікке құжат тапсырып, кейін визаны алу үшін оған қайтадан баруға тура келетін.

Елшіліктің дерегі бойынша, жыл сайын Қазақстаннан АҚШ-қа 16 мыңнан астам адам барады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG