Accessibility links

Құрғақ сүт қоры жасақталады


Қазақстан Үкіметі маусым аралық кезеңде сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында құрғақ сүттің мемлекеттік қорын құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы сәрсенбіде журналистерді хабардар еткен «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асқар Сабанқұлов қазір корпорация ішкі базардан бір мың тонна сүт сатып алғанын және тағы бір жарым мың тонна сүтті Беларустан сатып алатынын айтты.

«Қордағы 2500 тонна құрғақ сүт елде осы өнім бағасының күрт қымбаттап кетуіне жол бермейді» деді ол. Үкіметтің есебінше, қазақстандықтар айына бір жарым мың тонна құрғақ сүт тұтынады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG